Тілдер және әдебиет кафедрасы Г.Р. Державин атындағы ТМУ (Ресей) өткізген XI Халықаралық ғылыми конференцияның «Тіл және сөйлеу экологиясы» секциясына қатысты.

Орталық Азия инновациялық университетінің «Тілдер және әдебиет» кафедрасы  Г.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің Державин «Экология языка и речи» атты XI-ші халықаралық ғылыми-конференциясының ұйымдастырушысы ретінде

2024 жыл 23 қазанында  халықаралық ынтымақтастық аясында Г.Р.Державин атындағы ТМУ-де ХІ Халықаралық онлайн форматтағы ғылыми конференциясы өтті. Бұл конференция Ресей мен Қазақстанның филологтары үшін айтулы іс-шара болды. Тілдер және әдебиет  кафедрасының оқытушылары Р.Д. Елібаева, Ш.К. Мамирова, Д.М. Ахметова, Г.Ж. Бекпатша, Д.Т. Сарыбаев, Т.Ж. Хамидуллаева аталмыш конференцияда баяндама жасады.

Доцент Р.Д. Елибаева «Роль сопоставительной лингвистики в современной науке о языке» атты баяндамасында оқу үдерісі үшін салыстырмалы оқыту теориясын одан әрі дамытудың маңызды рөлін атап өтті. Ал, баяндамашы, аға оқытушы Ш.К. Мамирова өзінің «Диахронический подход к исследованию стилистики  как надуровневой лингвистической дисциплины» атты баяндамасында тіл дамуының негізгі кезеңдерін сараптады.

Секциялық отырыс нәтижесінде 12 оқытушы білім мен ғылым саласындағы жетістіктері үшін сертификатпен марапатталды.

Конференция модераторы доцент Елибаева Р.Д.

Share this Post