ОАИУ ректорыы Республика күнімен құттықтауы
Құрметті ұстаздар мен студенттер!
Сіздерді еліміздің тәуелсіздігі, егемендігі мен дамуын бейнелейтін маңызды күн – Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы ерекше күні мен Қазақстанның гүлденген болашағының іргетасы ретінде білімнің маңыздылығын атап өткім келеді.
Ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға, елімізді алға дамытуға,қабілетті, білікті мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосып жүрген сіздер – құрметті ұстаздар мен студенттер!
Бүгінгі таңда білім, жаңашылдық пен табандылық бұрынғыдан да маңызды. Әрбір оқу күні үлкен жетістік пен өркендеуге қадам жасап, Қазақстанның болашағына қосқан үлестеріңіз үлгі болсын.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, оқуда ізденіс пен табыс тілеймін!
Елімізді жаңа белестерге жетелейтін білім мен ғылымның дамуына еңбектеріңіз үлес қоса берсін.
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, ОАИУ ректоры
Оңласынов Е.З.