Тілдер кафедрасы апталығы аясындағы іс-шаралар: Көптілді тұлғаны қалыптастыру

«Тілдер » апталығы бастау алды.ТІЛДЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ кафедрасының ұйымдастырып отырған, “Көптілді тұлғаны қалыптастыру — бәсекеге қабілетті қоғам құрудың кепілі”  атты “ТІЛДЕР” апталығының ресми ашылуында, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Р.Д. Киргизбаева «Трехязычие в Казахстане» тақырыбында 14.10.2024ж., сағат 15:00, 404 ші дәрісханада баяндама оқыды.

Апталықтың ресми ашылуына кафедраның профессор оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты

ТІЛДЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ кафедрасының ұйымдастырып отырған, “Көптілді тұлғаны қалыптастыру — бәсекеге қабілетті қоғам құрудың кепілі”  атты “ТІЛДЕР” апталығының екінші күнінде, яғни 15.10.2024ж. университетіміздің 404 ші дәрісханасында —  Әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы,  профессор — Құлбек Сәрсенұлы Ергөбекпен кездесу кеші болды.

Кездесу кешіне кафедраның профессор оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты, сондай-ақ, құрметті қонаққа шапан жабылып, университет атымен логотиптелген сый-сыяпаттар табысталды.

Share this Post