«Құзыретті, кәсіби білікті бастауыш сынып мұғалімінің заманауи бейнесі»

“Педагогика” кафедрасының аға оқытушысы, магистр Турсынбаева А.З. 6В01301«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2-курс топ арасындағы «Құзыретті, кәсіби білікті бастауыш сынып мұғалімінің заманауи бейнесі» тақырыбындағы шебер-класс сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты қазіргі құзыретті, білікті бастауыш сынып мұғалімдерінің бойында түрлі ізгі қасиеттер мен көшбасшылық, актёрлік және режиссерлық шеберліктің, психологтік, мәдениет пен әдептілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, білімдерін одан ары дамыту еді. Барлық білімалушылар тапсврмаларды жоғары дәрежеде орындап, сайы қа белсене қатысты. Сайыс соңында мықтылар анықталып, алғыс хаттармен марапатталды.

Share this Post