Дене белсенділігі – ұлт салауаттылығының негізгі көзі
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, №119 «Маятас» ЖОББМ мен Орталық-Азия инновациалық университетінің «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасының ұйымдастыруымен 2024 жылы 3- қазан күні «Дене белсенділігі – ұлт салауаттылығының негізгі көзі» атты спорттық жарыс өтті.
Жарыс Орталық Азия инновациялық университетінің «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасының №119 «Маятас» ЖОББМ базасында орналасқан кафедра филиалының жылдық жоспарына сай ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты оқушы-жасөспірімдерді спортқа баулу, оқушы-жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, нашақорлық және есірткіге қарсы күресті алдын алу және насихаттау және «Дене дайындығын арттыру арқылы мектеп жасындағы жасөспірімдердің танымдық белсенділігін қалыптастыру мен дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері» атты тақырыптағы ғылыми-зерттеу жұмысының эксперименттік сыныбын іріктеп алу болып есептелінеді.
Мини-футбол, эстафеталық ойындар және алғашқы әскери дайындық жаттығуларынан құралған жарысқа мектептің 5-11 сынып оқушылары қатысты. Жарыста 5-7 сынып оқушыларынын құралған «Тәуелсіздік», «Көк ту», «Қыран», «Арыстан» командалары эстафеталық ойындарда тартысқа түсті.
Мини-футбол спорт түрінен 8-9 сынып оқушыларынан құралған «Алаш», «Сұңқар», «Маятас-Техас» және «Фьюче» командалары қатысты.
Эстафеталық ойындардан 7 «а» сыныбынан құралған «Арыстан» командасы І-орынды иеленген болса, ІІ-орынды «Тәуелсіздік» және ІІІ-орынды «Қыран» командасы иеленді және 5 «а» сынып оқушысы Қанатбек Алия мен 6 «ә» сынып оқушысы Темірхан Ғазиза үздік ойыншы номинацияларымен марапатталды.
Мини-футбол спорт түрінен І-орынды «Маятас-Техас», ІІ-орынды «Сұңқар», ІІІ-орынды «Сұңқар» командасы иеленді және «Үздік ойыншы» номинациясымен Талапбек Дінмұхаммед марапатталды.
Сонымен қоса ОАИУ бірінші проректоры, т.ғ.к., профессор А.С.Ажидинов, 5-қазан – Ұстаздар күнімен №119 «Маятас» ЖОББМ ұжымын құттықтап арнайы сыйлықтар табыстады және болашақ мамандар даярлауда ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысынтарында «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасы филиалындағы еңбегі үшін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін алғыс хатпен марапаттады.