ОАИУ ұжымы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді

Су тасқыннан зардап шеккен батыс өңірінің халқына ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ұжымының атынан құрылыс құралдары, жатын орындар ,азық-түлік пен гигиеналық заттардан тұратын гуманитарлық көмек жіберілді.

Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ. Күшіміз бірлікте. Осындай қиын-қыстау кезде бір — бірімізге қолдау көрсетіп, демеп отыруымыз керек. Бір ел — бір халық болып жұмылып, бұл апатты жеңеміз. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Еліміздің көп бөлігін су басып, халқымыз қиналып жатқанда, Шымкент қаласындағы бірнеше жоғарғы оқу орындары бей-жай қарамай, қолынан келген көмек қолын созуға күшін біріктірді.

Ел басына күн туғанда бірлігімізді көрсетіп, бүгін Шымкент қаласының бірнеше университеттері атынан Батыс өңірлеріне гуманитарлық көмек тиелген автокөліктерді жібердік.

#күшіміз_бірлікте
#ОАИУ
#Батыс_өңіріне_көмек
#Оралмен_,біргеміз
#Шымкент

Share this Post