10-17 қараша күндері аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық валюта -Қазақстан экономикасының қаржы тұрақтылығының кепілі» атты «Экономика және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан апталықтың соңғы іс-шарасы бойынша командалар музыкалық- сахналық қойылымдармен бақ сынасты. 17-қараша күні «Бүркіт», «KAIZEN», «Жалын», «Миллион» командалары өз өнерлерін таныту, «Студенттік өмірдің ұмытылмас сәттері» тақырыбында сахналық қойылым, «Кулинарлық шеберлік», яғни тағамға экономикалық және калориялық сипаттамалар кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Қатысушылар біліммен қатар, өнерлерін танытуда белсене қатысып, өз өнері мен шеберліктерін ортаға салып, көрермендердің көзайымына айналды.
Бұл күнгі сайыс қорытындысында жинаған ұпай саны бойынша жүлделі ІІІ орынға «KAIZEN» және «Миллион» командалары өзара бөліссе, ІІ орын «Бүркіт» командасына, ал І орын «Жалын» командасына берілді. Командаларға арнайы алғыс хаттар және жүлделі орындарға ие болған командаларға сыйлықтар табыс етілді.
Апталықтың салтанатты жабылуын қорытындылаған «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. А.А.Камалов білім алушылардың зияткерлік әлеуеті мен шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған апталық аясында атқарылған іс-шараларға тоқталып, белсене қатысқан командаларға, жетекшілеріне, әділ қазылар алқа мүшелеріне, кафедра профессор-оқытушылар құрамына алғыс хаттармен марапаттады.
Экономикалық мамандықтардың білім алушылары үшін «Экономистер апталығының» берер пайдасы көп болды, командада жұмыс істеу, байыпты шешімдер қабылдау және оларды нақты ұстану, бастама көтеру, қиялды қолдану, көшбасшы болу, шығармашылық қабілеттер сияқты әртүрлі қасиеттерді көрсетті және көптеген пайдалы дағдылар жинақтады. Сондай-ақ барлық қатысушылар (басшылық, қонақтар, ОПҚ және білім алушылар) пайдалы және қызықты ақпараттар алды.
Нәтижесінде, апталық өз мақсатына жетті, білім алушылар үлкен тәжірибе жинақтап, бизнеске ұмтылуға деген үлкен ынта пайда болды. Бұл оларға болашақта белгіленген мақсаттар мен биіктерге жетуге көмектеседі деген сенім білдіреміз.