13.11.2023 ж. күні апталық аясында Қазастан Ұлттық банкі Шымкент филиалында ұйымдастырылған көрмеге «Экономика және басқару» кафедрасының ОПҚ- мен экономикалық мамандық білім алушылары арнайы барып қайтты. Теңгенің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған көремеде бас банк мамандары білім алушыларға тарихымызды білу мақсатында Ұлттық банк шығарған монеталар коллекцияларын, осы кезеңге дейін шығарылған монеталар мен түрлерін таныстырды. Көрмеге қойылған жәдігерлер, өңірдегі банк жүйесінің құрылу және даму тарихы, тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық валютасын енгізу кезеңдері, Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясаты, бағалы монеталар туралы атап өтті. Сондай- ақ көрме барысында банк мамандары қатысушыларға инвестициялық монеталарға қаражат салуға кеңес берді.