2023 жылдың 10-17 қараша күндері аралығына жоспарланған Орталық Азия инновациялық университеті «Экономика және басқару» кафедрасының Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық валюта -Қазақстан экономикасының қаржы тұрақтылығының кепілі» атты Экономикалық мамандықтардың білім апталығы басталды.
Кафедра ұжымының ұйымдастыруымен 10- қараша күні «Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етудің экономикалық және қаржылық аспектілері» тақырыбында ҚР Ұлттық банкі Шымкент филиалының өкілдерімен семинар кездесу өткізді Семинарға ҚР Ұлттық банкі Шымкент филиалының бөлім басшысының орынбасары Калмурзаева Жанна Амангелдыевна және бас маман-экономисі Калжанова Айнур Жанабаевна, университетіміздің Ғылыми зерттеу орталығының басшысы т.ғ.к, доцент М.А. Жаркинбеков, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, экономикалық мамандықтардың білім алушылары қатысты.
Сөз алған М.А. Жаркинбеков: 1993 жылы алғашқы рет ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілгенін, Тәуелсіз жылдар ішінде Қазақстаннның экономикалық өсуі мен гүлденуін, тұрақтылық пен әлеуметтік өсуді қамтамасыз етуде елімізде атқарылған жетістіктерге тоқталды. 15-қараша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлтық валюта күнімен, елімізде қаржы жүйесінде қызмет атқаратын қызметкерлердің кәсіби мерекесімен құттықтады.
Семинарда баяндама жасаған ҚР Ұлттық банкі Шымкент филиалынан келген маман Калмурзаева Жанна Амангелдыевна білім алушыларға Мемлекеттіліктің негізін бекіткен Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің символы – төл теңгеміздің шығу тарихы жайында, дизайны және айналымға ену кезі туралы мағлұматтармен таныстырды.
Теңгедегі бейнелердің мемлекетіміздің тарихы мен болмысын танытатынын, әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұратын қосымша күрделі бедер мен қорғаныс қабілеттері жайын, қазақстандық банкноттар әлем бойынша қорғанысы мықты валюталардың біріне жататынын баяндады. ҚР Ұлттық банкі Шымкент филиалының бас маман-экономисі Калжанова Айнур Жанабаевна «Теңге туралы қызықты мәліметтер» видеоролик ұсынып, аудиторияға викториналық сұрақтар берді, белсенді қатысушыларға коллекциялық монеталар сыйға тартты.
«Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Камалов А.А. университет ректоры А.С. Ажидиновтың атынан арнайы келген қонақтарға алғыс хаттар табыс етіп, семинардың барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.