OAIU студенттері мен түлектерімен кездесу
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Университеттің бітіруші студенттерімен мемлекеттік қызметке кіру, дарынды, талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, мемлекеттік қызметтің әрбір қазақстандыққа ашықтығы жайлы ағымдағы жылдың 28 наурызында кездесу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Сарғалдақов Нұржан Қыдырбайұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы — Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы және Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Қансейіт Ардақ Кеңесәліқызы шақырылды.