«Педагогика» кафедрасы Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді
«Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ерекше қажеттілігі бар балалар арасында буллингтің алдын алудың педагогикалық-жолдары» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Халықаралық семинарда Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО, атап айтсақ, Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің және Ресей Федерациясы, Тамбов мемлекеттік университетінің, Белорус Республикасы Гомель қаласының Франциска Скорина атындағы университеті, Қырғыстан Республикасы Б.Османов атындағы Жалал-Абад мемлекеттік университеті, Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтінің ғалымдары мен педагог-оқытушылары қатысты.Сонымен қатар қаламыздың арнайы мектептерінің психолог-мамандары, Туркестан облысының «Өрлеу» білітілікті арттыру орталығының мамандары халықаралық семинар жұмысына белсенділік танытты.