«Білім және ғылым – қазіргі жағдайда табысты инновациялық дамудың кепілі» атты экономкалық мамандықтардың апталығы

2024 жылдың 25-29  қараша күндері аралығында   «Экономика және басқару»  кафедрасының  ұйымдастыруымен «Білім және ғылым – қазіргі жағдайда табысты инновациялық  дамудың кепілі»  атты Экономкалық мамандықтардың  жыл сайын өткізілетін дәстүрлі білім апталығы өтті.

Апталықты өткізудің мақсаты  – оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, білім алушының кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру, теория мен тәжірбиені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту,  интеллектуалдық, кәсібилік, адамгершілік, рухани, азаматтық белсенділігін дамытып, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру, дүниетанымы жоғары тұлға тәрбиелеу.

25 қараша күні  «Экономика және басқару»  кафедрасының  ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі білім апталығының ашылуы басталды.   Аптаның алғашқы күнінен басталған Экономикалық апталық   таңертеңнен  салтанатты түрде кафедра оқытушыларының  университет профессор-оқытушыларын қарсы алуымен басталды. Апталықтың ашылу мәжілісін  кафедра меңгерушісі меңгерушісі,  э.ғ.к. Камалов А.А. өткізді, апталық бағдарламасын бекітіп, мақсатымен  таныстырды.

 

26 қараша күні «Ғылым мен білім, қаржылық қатынастардағы цифрлық  технологиялар» тақырыбында  дөңгелек үстелмен жалғасын тапты.  Ғылыми зерттеу  орталығының  басшысы, т.ғ.к, доцент Жаркинбеков М.А. алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға қонақтарға, оқытушыларға, білім аулшыларға, сәттілік тіледі.

Қатысушылар Бекназаров Бахыт Докырбаевич – М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің докоранты  қаржылық қатынастарды басқаруда, реттеуде цифрлық технорлогиялардың жетістіктері жөнінде бяндама жасады.  «Отбасы банк» АҚ Шымкент филиалының менеджері  Избасарова Алия Ералиевна  Жастарға баспаналы болудың алғышарттарымен таныстырды, мәліметтермен бөлісті. «BASHPAY» ЖШС бас есепшісі Қожасова Урзада Жолдасовна білім алушыларға қойылатын талаптар жөнінде кеңестер берді. Білім алушылар тарапынан сұрақтар беріліп, тың мағлұматтар айтылды.  Дөңгелек үстел  мазмұнды, жоғары деңгейде өтті.

      27 қараша күні кафедра профессор оқытушылар құрамы және кафедраға қарасты  барлық мамандық  бідім алушыларының  қатысуымен нашақорлықты алдын алу  мақсатында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатын ұзақ жылдар құқық саласында қызмет атқарған, «Құқық» кафедрасының оқытушылары  Ахмет Сайрамбай Үмбетұлы және Байбосынов Мұхтар Пердебайұлы жүргізді. Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер болып табылады. Есірткі адамдардың денсаулығына, әлеуметтік байланыстарға және экономикаға жойқын әсер етеді. Тәрбие сағатында нашақорлықтың себептері мен салдары  баяндалды.         Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер болып табылады. Есірткі адамдардың денсаулығына, әлеуметтік байланыстарға және экономикаға жойқын әсер етеді. Нашақорлыққа қарсы күрес мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың және әрбір адамның бірлескен күш-жігерін талап етеді. Есірткінің таралуын болдырмау және осы мәселеге тап болғандарға салауатты және толыққанды өмірге оралуға көмектесу үшін алдын-алуға, оңалтуға және білім беруге назар аудару маңызды. Қатысушыларлы маңызды мәліметтермен таныстырып, аулақ болуға шақырды.

28 қараша  күні «Білім және ғылым – қазіргі жағдайда табысты инновациялық  дамудың кепілі»  аясындағы  экономикалық мамандықтардың  апталығы білім алушылардан құрылған командалар арасында «Жастар ғылымы және инновациялар»   атты тақырыпта білімгерлер сайысымен жалғасын тапты.  Ғылыми зерттеу  орталығының  басшысы, т.ғ.к, доцент Жаркинбеков М.А. және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Балабекова Д.Б. алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға қонақтарға, оқытушыларға, білім аулшыларға, сәттілік тіледі.

 

Сайысқа экономикалық  мамандық 1, 2, 3 курстарының білім алушыларынан   құрылған   «Қыран», «Тұлпар», «Феникс», «Шексіз баланс» командалары қатысты. Командалар таныстыру,   тесттік тапсырмалар, экономикалық есептер,  өнерлі өрендер және  «Студенттік өмірдің ұмытылмас сәттері»  тақырыбында сахналық қойылым бойынша сайысқа түсті. Командалар берілген тапсырмаларды орындау барысында алғырлық, тапқырлық танытып,  ойларын жан-жақты тұжырымдауға тырысты. Командалар экономикалық, қаржылық сауаттылық, таным жоғары деңгейлерін көрсетті.  Қатысушылар біліммен қатар, өнерлерін танытуда  белсене қатысып, өз өнері мен шеберліктерін ортаға салып, көрермендердің көзайымына айналды.

Бұл  күнгі сайыс қорытындысында жинаған  ұпай саны бойынша «Тесттік тапсырмалар» номинациясында «Қыран» командасы,  «Экономикалық есептер» номинациясында «Феникс» командасы, «Өнерлі өрендер» номинациясында «Шексіз баланс» командасы, ал «Студенттік өмірдің ұмытылмас сәттері»  тақырыбындағы сахналық қойылым сайысында шынайы шеберлігімен танылған  «Тұлпар»  командасы дипломмен марапатталды. Командалар мен жетекшілеріне арнайы алғыс хаттар  табыс етілді.

Сондай-ақ  жүргізушілер  оқу ордамыздың  белсенді білім алушылары  Мурат Ж., Мүслім Г., сайысты жоғары деңгейде жүргізе білді.

«Экономика және басқару»  кафедрасының  ұйымдастыруымен «Білім және ғылым – қазіргі жағдайда табысты инновациялық  дамудың кепілі»  атты Экономкалық мамандықтардың  жыл сайын өткізілетін дәстүрлі білім апталығы өз мәресіне жетті. 29 қарашада апталықтың салтанатты жабылуын қорытындылаған  «Экономика және басқару» кафедрасының  меңгерушісі,  э.ғ.к. А.А.Камалов  білім алушылардың   зияткерлік әлеуеті  мен шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында  ұйымдастырылған апталық аясында атқарылған  іс-шараларға  тоқталып,    белсене қатысқан  командаларға, жетекшілеріне, ұйымдастыру жұмыстарына қатысқан   кафедра  профессор-оқытушылар құрамына   алғыс хаттармен марапаттады.

Экономикалық мамандықтардың білім алушылары үшін апталықтың берер пайдасы көп болды,   командада жұмыс істеу, байыпты шешімдер қабылдау және оларды нақты ұстану, бастама көтеру, қиялды қолдану, көшбасшы болу, шығармашылық қабілеттер сияқты әртүрлі қасиеттерді көрсетті және көптеген  пайдалы дағдылар жинақтады.   Сондай-ақ барлық қатысушылар   (басшылық, қонақтар, ОПҚ және білім алушылар)   пайдалы және қызықты ақпараттар алды.

Нәтижесінде, апталық өз мақсатына  жетті,  білім алушылар  үлкен тәжірибе  жинақтап,  бизнеске ұмтылуға деген   үлкен ынта пайда болды. Бұл  білім алушыларға болашақта белгіленген мақсаттар мен  биіктерге жетуге көмектеседі.

Share this Post