Орталық Азия Инновациялық университеті «Құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен 6В04201- «Құқық», 6В04203- «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының 2, 3 курс білім алушылары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының филиалы Шымкент қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының қызметкерлерімен 28 ақпан 2024 жылы кездесу өтті. Кездесу мақсаты Сот сараптамасы маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық іс материалдарын не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерттеу. Білім алушылар институттың әртүрлі деңгейдегі сараптамаларды зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтарымен танысты. Институт әрқилы қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді тергеу, қарау барысында құқық қорғау органдары мен соттардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді. Сарапшылық ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстар институтымыздың басты бағыты болып саналады.