«Конституция және егемендік» атты кездесу өтті

Бүгін, 15 қазан күні Орталық Азия инновациялық университетінде «Құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне арналған «Конституция және егемендік» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараға Қаратау аудандық прокуратурасының аға прокуроры Аликул Есбол Рахматуллаұлы қатысып, студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы мен егемендік құндылықтары туралы мазмұнды дәріс оқыды.

Кездесудің мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, ел тәуелсіздігінің құқықтық негіздерімен таныстыру және жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру болды.

Share this Post