«Mega Mozg» интелектуалды жобасы

Ағымдағы жылдың 8 — қазан күні Орталық Азия Инновациялық университетінің Жастар комитеті мен «Студенттік өзін-өзі басқару» ұйымына қарасты «Білім және ғылым комитетінің» ұйымдастыруымен «Mega Mozg» интелектуалды жобасы болып өтті. Жобаға 70-ке жуық білім алушы қатысты. Интелектуалды ойын 4 кезеңнен тұрды:
Алғашқы іріктеу — алғашқы кезеңде студенттер қазіргі білім алып жатқан мамандығы бойынша және академиялық пәндерінің арасында 20 сұрақтан тұратын тест тапсырды.
2 — Luğat конкурсы бойынша қатысушылар орфографиялық қате жіберу мүмкіндігі жоғары сөздерден диктант жазды.
3 TimeMan — кезеңінде студентке небәрі 1-минут берілді, осы уақыт ішінде өзіне тиесілі 10 сұраққа уақытты пайдаланып жауап берді.
4- кезең Эврика — ұяшық таңдау арқылы әлемдік және қызықты сұрақтарға жауап бере отырып қосымша балл жинау.
Жобада бірнеше интелектуалды ойындар ойнатылды. Ойында белсенділік танытып, оқтай оза шыққан білім алушылар жүлделі орындарға ие болды. Сонымен, жүлделі І орын – Төлеген Әсемай, ІІ орын — Карім Аружан, ІІІ орын — Әлімхан Айбын иеленіп, ректордың алғыс хаттарымен марапатталды.
Жоба мақсаты: Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттер арасында білімділікті шыңдай отырып,тәжірибе жинау және бәсекелестікті дамыту.

Share this Post