10 қаңтар-Қазақстанда аза тұту күні

10 қаңтар-Қазақстанда аза тұту күні

Құрметті Қазақстандықтар! Бүгін қаралы күн! Орталық Азия Инновациялық университетінің ұжымы туыстары мен жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтады! Еліміздің егемендігі, азаматтарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі бірінші орында тұрғанын біз қазір бұрынғыдан да жақсы түсінеміз! Террорлар елдің тұтастығына нұқсан келтіріп, бейбіт тұрғындарды негізсіз құрбан қылғанын көрдік. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! #КүшімізБірлікте

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында онлайн сабақ болып өтті

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында онлайн сабақ болып өтті

Орталық Азия Инновациялық университеті сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ағымдағы 2021жылдың 28 — желтоқсаны күні Өзбекстан республикасы, Шыршық мемлекеттік педагогикалық институты «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Куралов Юлдаш Абдуллаевичпен онлайн сабақ жүргізді. Сабақ ZOOM платформасында университетіміздің «математика және информатика» білім беру бағдарламаларының 1 – 2 курс білім алушылары «Python тілінде программа құру. Циклдер» атты тақырыпта өтті. Нәтижесінде Куралов Юлдаш Абдуллаевке ОУИУ-нің атынан сертификат табысталды.

ОАИУ Халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өткенін хабарлайды

ОАИУ Халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өткенін хабарлайды

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ. 2021 жылдың 24 желтоқсанында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» халықаралық институтционалдық және бағдарламалық аккредиттеуді өткізу қорытындысын жариялады. Университеттің білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу барысында төменде көрсетілген білім беру бағдарламалары 3 жылдық мерзімге өткенін хабарлаймыз: Халықаралық бастапқы бағдарламалық аккредиттеудің 3 жыл мерзімге төмендегі білім беру бағдарламалары өтті: 6В04201 – Құқық (юриспруденция) 6В04106 – Есеп және

Read More

Бір жобаның мысалында біз сәулеттік дизайнды оқытудың құпиясын ашамыз

Бір жобаның мысалында біз сәулеттік дизайнды оқытудың құпиясын ашамыз

Триллер. Бір жобаның мысалында біз сәулеттік дизайнды оқытудың құпиясын ашамыз. Ал, бұл не? Бұл жерде не бейнеленген? Түсініксіз… Көрінбей кететін және дерексіз нәрсе ме? Бұл студенттің жеке сипатына негізделген екі қабатты тұрғын үйдің жеке жобасы. Мұнда мінездің негізгі белгілері-берік қабықтың артында жасырылған бай ішкі әлем. Бұл інжу қабығы. Тайып кететін тегіс формалар. Бұл сыртынан көрінбейді ішінен көрінеді. Идея бастапқыдан пайда болды, ой пайда болды, бастапқыда графикалық композициямен — «көріну, айналу»

Read More

Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты іс-шара

Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты іс-шара

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сонымен бірге ескі жылды қорытындылап ОАИУ-нің Кәсіптік одағы — университет ұжымына Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты шара ұйымдастырды. Жаңа 2022 жылдың қарсаңында Орталық Азия инновациялық университеті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л.В. Тургинбаеваның атынан университетте белсенділігімен көзге түскен, бірнеше профессор – оқытушылар мен қызметкерлерге «Құрмет грамотасынмен» марапаттады. Ұжымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған ректор

Read More

МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН НҰРЛАН ШАХИЗИНДАҰЛЫ!

МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН НҰРЛАН ШАХИЗИНДАҰЛЫ!

МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ проректоры НҰРЛАН ШАХИЗИНДАҰЛЫ ХАЙДАРОВ Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың арнайы АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Қала әкімінің Алғыс хатында Нұрлан Шахизиндаұлына еліміздің ең ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтай келе, 30 жылдық Тәуелсіздікке қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіргендігі жазылған. Марапатымен әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!