“Autumn party” — Белсенді білім алушылар қатарына шақыру кеші өтті

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні Орталық Азия инновациялық университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы — Ахан Дидар мен «Студенттік өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен, А.Асқаров атындағы дендросаябағында “Autumn party” белсенді білім алушылар қатарына шақыру кеші болды. Шақыру кешіне Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Қаратау аудандық филиалының басшысы — Төлебай Бекзат Октябрьұлы мен 80-ге жуық білім алушы қатысты. Кеш басы таныстырылуымен басталды. Университетіміздің студенттік ұйымдары өздерінің ұйымдары жайлы және мақсаттарымен таныстырып, өздерінің қатарына қосылуға шақырды. Кеш барысында топқа бөлініп, түрлі квест ойындары өткізілді. Ойын соңында жеңімпаз топқа кубок табысталды. Өздерінің белсенділіктерін танытып, көзге түскен қатысушыларға Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исаховтың атынан сертификаттар берілді.

Share this Post