Студенттер үшін жақсы мүмкіндік
2025 жылдың 8-9 сәуір күндері Орталық Азия Инновациялық Университетімізде Абай облысы, Бесқарағай ауданы әкімдігінің бастамасымен “Ерікті қоныс аудару” мемлекеттік жобасы аясында іс-сапар ұйымдастырылады.
Бұл кездесудің басты мақсаты — университеттің музыкалық білім, есеп және аудит, химия-биология, тарих және география, педагогика және психология, математика-информатика факультеттері бойынша білім алып жатқан түлектерге Бесқарағай ауданындағы бос жұмыс орындарын таныстыру және ақпарат беру.
Жоба – ауылдық өңірлерге білікті мамандарды тартуға бағытталған. Студенттер үшін бұл — тұрақты жұмыс, баспана және жаңа өмір бастау мүмкіндігі.