17 ақпан 2023 жылы Орталық Азия инновациялық университетінің «Құқық» кафедрасының ПОҚ, 6В04201-Құқық, 6В04203-Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушылармен Шымкент қаласының Тұран аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Бұл іс-шара жастарды қолданыстағы заңнама нормаларымен таныстыру, білім алушылардың сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және 6В04203- Құқықтану білім беру бағдарламасының 4- курс бітіруші білім алушылармен ақпараттармен, ішкі органдарға қызметке кіру бойынша ұсыныстар берілді. Есірткі заттарды пайдалану, есірткі заттарды сату және сақтау, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу сияқты құқық бұзушылықтар бойынша профилактикалық сұхбат жүргізілді. Бұл іс шараға: 1. Шымкент қаласының Тұран аудандық полиция басқармасы Тергеу бөлімінің бастығының орынбасары Төртбай Абай Ибрахымұлы 2. Шымкент қаласының Тұран аудандық полиция басқармасы Тергеу бөлімінің аға тергеушісі Полат Ақжан Мұратұлы 3. Шымкент қаласының Тұран аудандық полиция басқармасы Тергеу бөлімінің тершеушісі Азреткулов Асан Үсенұлы қатысып, сұхбат берді.