Студенттердің дін істері мамандарымен кездесуі өтті

Бүгін, Орталық Азия Инновациялық университетініңТәрбие ісі жөніндегі проректоры Н. Хайдаровтың ұйымдастыруымен, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уәлихан Самат Шоқанұлымен және Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-нің бөлім басшысы Әбдікәрім Нұржан сонымен бірге,
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторы Кыпшакбаев Рауан Мухитулымен студент жастар арасында кездесу өтті. Кездесу барысында жастарды толғандыратын мәселелер қозғалып, сұрақтарына жауап берді. Кері діни ағымның жетегінде кетпеу үшін жастар қалай қорғану керек? Дінге деген сүйіспеншілікті арттыру жолдары, діни ағымдардың дұрыс бағыттан қалай ерекшеленетіні жайында толыққанды ақпаратқа қол жеткізді. Діни кері ағымның үш принципі аталды.

Share this Post