«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ» УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ

Бүгін біздің мақтанышымыздың бірі Әбділхайыр Әбілмансұрды университеттің бірінші проректоры А.С.Ажидинов қабылдап, құттықтады. Өйткені «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1 – курс білім алушысы 2022 жылғы «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ» номинациясын жеңіп алған жас шахматшы. Ия осыған дейін әлемнің бірнеше мемлекетінде шахматтан әртүрлі орындарды жеңіп, мемлекеттің туын көкке көтеріп жүрген спортшымызды қала әкімі спорт саласының дамуына қосқан үлесі үшін, шахматтан халықаралық деңгейде жеткен жетістіктері үшін үздіктердің қатарына қосты. ӘБІЛМАНСҰР 2022 жылды Мальтада өткен шахматтан ашық чемпионатта ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІП,ЧЕМПИОН АТАНЫП қорытындылаған болатын. Университетіміздің мақтанышына айналған ӘБІЛМАНСҰРДЫ университет ұжымы мен студенттері атынан шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Share this Post