Орталық Азия Инновациялық университетімен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 11-қаңтарында «Жаңартылған білім беру бағдарламасына шолу. Оқыту процесіне негізгі тәсілдерді енгізу» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Семинар-тренингке Орталық Азия Инновациялық университеті ғалымдары, университет проректоры Н.Ж.Дүйсенов, «Мониторинг, СМК және аккредитациялау бөлім басшысының орынбасары», доцент Г.Б.Қылышбаева «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жуманова Райхан Муратовна, Сазабаева Ардана Джаксымбетовна қатысты. Семинарда бүгінгі күннің өзекті мәселелері талқыланды. Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын қарастыра отырып, оқыту үдерісіне енгізілген негізгі тәсілдерді зерделеу, қатысушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру, тәжірибе алмасу.
Бірінші бөлімінде алғы сөзді «Орталық Азия Инновациялық университеті» ЖШС-нің «Мониторинг, СМК және аккредитациялау бөлім басшысының орынбасары, доцент Г.Б.Қылышбаева бастады. Гүлнар Бакирамқызы баяндамасында: «Білім беру – инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы 9.01-20.01.2023 аралығындағы өткізілетін онкүндік жоспарына байланысты жүргізіліп жатқан іс-шарасымен таныстырды. Семинар-тренингтің мақсаты мен міндеттерін «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жуманова Райхан Муратовна түсіндірді. Семинар-тренингті Р.М.Жуманова мен А.Д.Сазабаевлар жалғастырды. Р.М.Жуманова «Жаңартылған білім беру ерекшеліктеріне, шиыршық моделіне, Блум таксономиясына» тоқталса, А.Сазабаева осы жаңартылған білім берудің алғы шарттарына, оқу бағдарламасының құрылымына, оқу жоспарларына тоқталды. Семинар-тренинг барысында ширату жаттығулары, ой қозғаулар, топтық тапсырмаларды орындау, топтық талқылаулар, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тапсырмалары, сабақта қолданылатын пәндік әдіс-тәсілдерді жүргізіп, тиімділігі талқыланды. Студенттермен жұмыс жасау барысында қолданылатын іс-әрекеттік жүйе талқыланды. Қорытынды бөлімінде қатысушылардың ЭСӘТ талдауы жүргізілді. Мұнда «Жаратылыстану –математика бағытындағы пәндерде дағдыларды дамыту қаншалықты маңызды? Ол үшін қандай тәсіл қолдануға болады?» деген сұрақтарға талқылаулар жүргізілді. Семинарға қатысушылар тарапынан қызу талқылау ұйымдастырылып, әріптестер өз пікірлерін жарыссөзде білдірді.