БІЛІМ БЕРУ –ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ тақырыбында ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Аталмыш тақырыптағы семинар 10 – қаңтар күні Орталық Азия Инновациялық университетінің ғимаратында ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: Білім берудегі – инновациялық технологиялар белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етудегі оқытудың жаңа технологиялары, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың жаңа мазмұнын жүзеге асыру. Баяндамашы Г.Б.Қылышбаева өз баяндамасында оқытушылардың білім алушыны оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру әдістерін көрсетті.
Бұл оқу- әдістемелік семинарда инновациялық технологияларды оқытуда практикалық тәжірибелерді таңдау, зерттеу жүргізу нәтижелі болды. Білім алушылар берліген тапсырмаларды құрастыру, зерттеу, талдау, қолдану, бағалауды пысықтады.
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім нәтижелерін оқу іс-әрекетінің нысанасы ретінде танып білді.

Share this Post