«Медиация және келіссөздер процесі» дауларды реттеу орталығының басшысымен дөңгелек үстел өтті

2022 жылдың 15 желтоқсанында Орталық Азия Инновациялық университетінде «Медиация және келіссөздер процесі» дауларды реттеу орталығының басшысы Оразқұлова Нұрбала Алтынқызы қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы – «Құқық»кафедрасы. Дөңгелек үстелде көтерілген басты тақырып – «Жастар арасындағы жанжалды азайту, медиацияны нсихаттау». «Құқық» білім беру бағдарламасында оқитын білім алушыларымыз үшін аталмыш іс-шарада білім алушылар арасындағы медиация кеңесінің бағдарламасының жобасы талқыланып, кейбір мәселелері сөз болды.

Share this Post