Ағымдағы жылдың 15-і желтоқсаны күні Орталық Азия Инновациялық университетінде академиялық ұтқырлық және халықаралық бөлімнің ұйымдастыруымен жиын өтті.
Аталған жиынға Орталық Азия Инновациялық университетінің оқытушылары мен білім алушылары қатысса, онлайн режимде Польша елінен AGH университетінен Сабырова Мадина Елемесовна және бизнес жоғары метебі – Луис ұлттық университеті (Новы Сонч) жоғары оқу орындарының өкілдері Януш Собонь, Селезнева Руслана қатысып, өз оқу орындары жайлы роликтер көрсетіп, білім алушыларды жақыннан таныстырды. Сонымен қатар қос дипломды білім бағдарламасы бойынша барлық шарттарды егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кездесу соңында білім алушылар тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.
Жиынды университеттің бірінші проректоры А.С.Ажидинов жүргізіп отырды.