Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған іс-шара

«Тілдер және әдебиет» кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өлеңім—өмірімнің айнасы» атты керемет мәдени іс шара өткізілді. Танымал ақынымыздың поэзиялары,әндері,өлең шумақтары оқылып шығармашылығын керемет тақырытыптағы көріністерімен айқындай түсті.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білген білім алушылар өз өнерлерін паш етті. Әншілерімізбен бишілерімізде қалыс қалмай керемет өнер көрсетті.Мәдени -танымдық іс шара соңында әрбір қатысушы мақтау граммотасымен марапатталды.

Share this Post