Жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында жиналыс

2022 жылдың 9 желтоқсан күні Орталық Азия инновациялық университетінде Шымкент каласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі баскармасының «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге қонақ ретінде ҚМБД РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы мен Байғұт баба мешітінің бас иманмы РАНТ мүшесі Желеуов Дастан қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отансүйгіштік тәрбиелеу, кереғар діни ағымдардың алдын алу және жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жастармен сұрақ-жауап жүргізілді.

Share this Post