«Қазіргі білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет» тақырыбында семинар өтті

2022 жылдың 9 желтоқсанында Орталық Азия Инновациялық Университетінде «Педагогика және тілдер» факультеті «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет» атты оқу-әдістемелік семинар болып өтті.Семинар «Білім берудегі психологиялық қызмет» атты тақырыпта магистр аға., оқытушы М.Д.Дарибаеваның баяндамасымен басталды. Семинар барысында «Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті» атты презентациясымен ЖМ «SMART» жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Р.Р.Омашеваның, «Көп балалы отбасылардың психологиялық ерекшеліктері» презентациясын 4-курс білім алушысы Ш. Жұматайдың, «Білім берудегі ауытқушылығы бар балалармен жұмыс жасау» презентациясын 4-курс білім алушысы Ж.С. Ақылбекдің баяндамалары тыңдалып, Рысбек Мырзашев атындағы №76 мектеп педагог-психологымен жүргізілген, бейне-ролик көрсетілді. Шымкент қаласында түсірілген «Қоғам тұлғаларының педагог-психологтарға білім берудегі ой-пікірлері» атты тақырыпта әлеуметтік бейне ролик көрсетілді. Шымкент қаласындағы «Еркін сөйле» орталығының логопед маманы М.Д. Абдрахманова «Білім беру процесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық-психологиялық қолдау» атты тақырыпта бейне-ролик көрсетілді. «Білім алушылардың психологияға көзқарасы» тақырыбында 4-курс білім алушысы Ж.Жанглисова бейне-тренингті мәлімдеді. «BOLMYS» практикалық психология орталығының психолог маманы Атаева Жанат Калназаровнаны «Қазіргі білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет» атты оқу-әдістемелік семинарға өз қорытынды ой-пікірімен бөлісті.

Share this Post