«ЖОО үздік оқытушысы – 2022» байқауы

«ЖОО – ның үздік оқытушысы-2022» республикалық конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашада басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады. Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтар алады.
Конкурсқа үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі (кемінде 5 жыл) және оқытушылық және ғылыми қызметінде жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары қатыса алады.
Конкурстың мақсаты оқытушы мамандығының беделін арттыру және ЖОО оқытушыларын одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру болып табылады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі – ЖОО ішіндегі және республикалық. «ЖОО – ның үздік оқытушысы-2022» конкурсына қатысу үшін өтінім мен құжаттар ақпараттық жүйе арқылы электрондық форматта қабылданады. Бұл байқаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Share this Post