2022 жылдың 7 қараша күні Орталық Азия инновациялық университетінде Шымкент каласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі баскармасының «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп» тақырыбы бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге Қаратау ауданының «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің мамандары Аптарбек Данагүл, Амангелді Бақжан мен А.Сманов мешітінің иманы – Шотабеков Берік Салафатұлы қатысты. Мақсаты: Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Құмар ойындардың зияны мен салдары бойынша, ата-анамен қарым-қатынас, адами құндылыққа кереғар діни ағымдардың алдын алу және жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.