«ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ – ЕҢ ҮЛКЕН АМАНАТ!» атты факультет аралық пікірсайыс ойыны

2022 жылдың 20 қазан күні Орталық Азия инновациялық университетінде «Риторика» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «25-қазан – Республика күніне» орай «ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ – ЕҢ ҮЛКЕН АМАНАТ!» атты факультет аралық пікірсайыс ойыны өткізілді. Ойын барысында «БП. Елбасы статусына байланысты өзгерістер әділетсіз деп есептейді.» және «БП. Азшылық топтың көзқарасын, көпшілік топқа насихаттауға қарсы.» тақырыптары аясында қызу талқылаулар болды. Ойынға «Жаратылыстану-ғылыми» факултеті және «Педагогика және тілдер» факультетінен 20-дан аса білім алушы қатысты. Белсенді қатысқан білім алушылар ректор алғыс хатымен марапатталды.

Share this Post