Біздің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде 2022 жылғы 12 қазанда ОАИУ халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімі Украина мен Польша Жоғары оқу орындарының өкілдері проф. Руслан Селезнева және проф. Януш Собонмен академиялық ұтқырлық бойынша халықаралық онлайн семинар ұйымдастырды. Кездесуде бірінші проректор, профессор, т.ғ.к. А.С. Ажидинов, оқу істері жөніндегі проректор, доцент, т. ғ. к. Н.Ж. Дүйсенов, ҒЗО бастығы, т. ғ. к. Мейірбеков А.А., халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы Сартбаева Г.П., тест орталығының бастығы Иманқұл Н.Б., кадрлар бөлімінің бастығы Садикова Д.Н., COWORKING орталығының маманы Смайл А.М. қатысты. Кездесу барысында білім алушылар мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру мәселелері мен перспективалары, екі тараптың дәріс алмасуы, бірлескен ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізу, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру арқылы білім алмасу және тарату мүмкіндіктері талқыланды. Кездесудің негізгі мәселесі Ақпараттық жүйелер мен менеджменттің бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу процесін талқылау болды. Кездесудің барлық қатысушылары қызығушылық танытып, қарастырылып отырған мәселелер бойынша өзара тиімді шешімдерді табу жолдарын ұсынды. Кездесу нәтижесінде келесі оқу жылына бірлескен білім беру бағдарламаларының негізінде құрастыру үшін жұмыс оқу бағдарламаларымен алмасу, ағымдағы оқу семестріне екі тарап дәрістерінің бағдарламаларын құрастыру және т. б. бойынша ұсыныстар қабылданды. Барлық қатысушылар осы кездесуге қатысқан кафедраларда орындалатын ҒЗЖ және ҒЗТКЖ бағыттары бойынша бірлескен ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізу туралы шешімді бірауыздан қолдады. Біз жемісті ынтымақтастығымызға сенеміз!