Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/hgtu.com.kz/caiu.kz/wp-content/themes/agama-pro/framework/agama-functions.php on line 628
2022 жылдың 18 қазан күні 11:00-де Орталық Азия инновациялық университетінде Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге модератор болып Шымкент каласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі баскармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы – Калмурзаева Айжаркын, ЖИТС-тін алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы – Жургенбаева Назира, ШЖК Психикалық денсаулық орталығының нарколог психиатр дәрігері – Корганбаева Карлыгаш, Шымкент каласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі -Сембаев Нурлан, Серғали-Түркістан РКБ, жоба үйлестірушісі – Обуталиев Ержан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы – Нурбаев Ерлан, Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы, Әлем біріншілігінің Чехия елінде – Карловы Вары қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері – Альжанов Бексултан Бегжанович, Қоғамдық денсаулық сақтау институтының маманы – Молдабаева Айжан Мәдіханқызы мен 100-ден аса білім алушы қатысты. Кездесу барысында арнайы сала мамандары өздерінің дайындаған баяндамаларын оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ЖИТС-тің алдын алу шаралары жазылған арнайы жарнама қағаздарын таратып, сұрақ-жауап өткізді. «Бірінші байлық-денсаулық» атты 15 минуттық сергітіу сәті ашық күндер айдары білім алушылармен жүргізді. ЖИТС-тін алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы – Жургенбаева Назира білім алушылар арасында АИТВ/ЖИТС-ті анықтау мақсатында анонимді түрде 15 минутта дайын болатын талдама жасады.