«Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» және «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша кездесу өтті

2022 жылдың 14 қазан күні Орталық Азия инновациялық университетінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» және «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша кездесу өткізілді.
Мақсаты: Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу және жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрдәулет Амангелді , Мұхтарқызы «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Тунтекова, ОҚМПУ аға оқытушысы, дінтанушы РАТТ мүшесі Мади Бесбаев, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Рауан Қыпшақбаев және Орталық Азия Инновациялық университетінің Жастар комитетінің төрағасы мен студенттері қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды тартпауға кеңес берді.

Share this Post