«Ұстаз ұлы есім» атты концерттік мерекелік іс-шара

2022 жылдың 5-ші қазан күні Орталық Азия инновациялық университетінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз ұлы есім» атты концерттік мерекелік іс-шара өтті. Мерекенің басы ардақты оқытушыларымызды университет алдынан студенттер құттықтау сөздермен, ду-қол шапалақтармен күтіп алып, ерекше құрмет көрсетумен басталды. Мереке арнайы сценарий бойынша университеттің бірінші проректорының құттықтауы, марапаттаумен жалғасты. Іс-шараға «Студенттік өзін-өзі басқару» ұйымы мен Музыкалық білім беру бағдарламасының, Дене шынықтыру және спорт білім бағдарламасының білім алушылары белсенді қатысып, әдемі ән, хор, көңілді жайдарманшылардың қойылымдарымен көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады. Бұл іс – шараның ұйымдастырушысы Тәрбие істері жөніндегі проректор Н. Хайдаров пен жастар ұйымының төрағасы Д.Ахан.

Share this Post