2022 жылдың 24-25 қыркүйек күндері Орталық Азия инновациялық университетінің Жастар комитеті мен Қамқор ұйымының ұйымдастыруымен «Кәусар» балалар интернатында қайырымдылық кездесу өткізілді. Кездесу мақсаты студенттерді балаларға құрметпен және қамқорлықпен қарауға шақыру. Кездесу барысында дастархан жайылып, түрлі ойындар ойнатып, балалардың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлап, сый-сыяпаттарын табыстады.