Бүгін, яғни 14 – қыркүйек күні Орталық Азия инновациялық университетінде Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұсынысымен екі ауқымды шара өтті. Алғашқысы, «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» жобасы бойынша жастармен семинар-тренинг Сонымен бірге, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы бойынша жастармен психологиялық семинар – тренинг. Іс – шараға университеттің аға тәлімгерлері, бас медбике және білім алушы жастар қатысты. Семинар – тренингте өмірде болған оқиғалрдан мысалдар келтіріліп, жастармен ашық әңгіме жүргізілді. Келеңсіз жайт орын алған жағдайда қайда? кімге? қандай байланыс сымтетігіне хабарласуды да тілге тиек етті ұйымдастырушылар. Білім алушыларға ақпараттық парақша, таратылып,жастармен сауалнама жүргізілді.