Бүгін , университетте ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы талқыланды. Насихат жұмысын «Аманат» партиясының мүшесі Байқонысов Ербол Рәбілұлы мен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Қаратау аудандық филиалының басшысы Төлебай Бекзат Октябрьұлы сондай – ақ университет бірінші проректоры Акмалдин Сапардинұлы жүргізді. Жалпы жолдаудағы басым бағыттарды талқыға салған – осы университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар. Кездесу барысында Байқонысов Ербол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп жайлы толыққанды мәлімет берді.