30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні!
Құрметті әріптестер! Құрметті магистранттар, студенттер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Ширек ғасырдан астам уақыт бойы бұл құжат Қазақстанды қуатты мемлекет, ал оның тұрғындарын – ұйымшыл ұлт ете отырып, біздің қоғамның келісімі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп келеді.
Осы уақыт ішінде біздің университет қалыптасу мен дамудың даңқты жолынан өтті. Өңірдің инновациялық дамуы мүддесінде сапалы білім беруге бағдарланған жоғары оқу орны біздің Отанымыздың гүлденуі үшін еңбек ететін 20000-нан астам бәсекеге қабілетті мамандарды даярлады.
Университет білім беру, ғылыми-зерттеу және халықаралық қызметтегі нәтижелерін едәуір жақсарта алды, сондай-ақ түлектердің жұмысқа орналасу пайызын арттырды.
Конституция күні сіздер үшін жаңа бастамалар кезеңін ашып, еліміздің болашақ жетістіктерінің символына айналсын.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, оптимизм және ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін!
Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз!
Құрметпен,
ОАИУ ректоры
Е. З. Онласынов