ОАИУ-дің бітірушілері диплом алды

Ағымдағы жылдың 12 – шілдесі күні Орталық Азия Инновациялық университетінің бакалавриат және магистратура түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Алғашқы құттықтау тілегін білдірген ЖОО-ның ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Акмалдин Сапардинұлы өз құттықтау сөзінде Жаңа Қазақстанның жаңа түлектерінің 1471 бакалавры мен 427 магистрі біздің университеттен түлеп ұшып жатқанынымен құттықтап, сәттілік тіледі. Қазақстанның болашағы үшін өз күштерін,ынта жігерін аямайтын жастарға көп үміт артатынын айтып өтті. Меркелік – салтанатты кеш концерттік бадарламамен жалғасын тапты.

Share this Post