Мамырдың 30-31 аралығында Балқаш қаласы медициналық колледжінің 70 жылдық мерейтойына арналған «GIPPOKRAT CUP – ІІІ» атты республикалық пікірсайыс турнирінде ОАИУ-нің 3 курс білім алушысы Ровшанбеков Тохиржон белсенділік танытып «ЕҢ ЕРЕКШЕ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ» номинациясы және ЖҮЛДЕЛІ ІІІ – ОРЫНДЫ иеленді. Бүгін Тохиржан университет басшысы Акмалдин Сапардинұлының арнайы қабылдауында болып, ұйымдастырушылар тарапынан берілген арнайы сыйлықты табыстады. Студентіміздің бағындырған тағы бір белесімен құттықтап, сәттілік тілейміз!