Біздің студент әлем чемпионатында 1-орын алды

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында Әмбебап жекпе-жектен жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Осы чемпионатта 57кг салмақ дәрежесінде жарысқа түсіп, жүлделі 1-орынды жеңіп алған білім алушымыз Бауыржанқызы Сымбатты шын жүректен құттықтаймыз! Сымбат әлем чемпионы, Біз Сымбатпен мақтанамыз. Айта кетейік, Сымбат Орталық Азия инновациялық университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасында 1 – курс оқиды. Университет білім алушысы бола жүріп, «ОАИУ – АРУЫ – 2022» сынды үлкен байқауға қатысты. Белсенді студент.

Share this Post