«Ұшқыр ой алаңы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі болып өтті

2022 жылы 2 ақпан күні Орталық Азия университеті қолдауымен аталған оқу орны базасында «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру аясында, Абай ауданына қарасты жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.. Білім басқармасына қарасты 30 мектептен үш лига бойынша 65 фракция (28 қазақ, 21 орыс, 17 ағылшын) қатысып, бақтарын сынады.
Турнирдің мақсаты:
1. Жастар арасында ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіппен азаматтық танымды таныта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер арасында, жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылық, жан-жақты мониторингтік зерттеулер жүргізе отырып, пікірсайыс арқылы толыққанды насихаттау;
2. Азаматтық жауапкершілігі зор, интеллектісі жоғары, рухани жан дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру мен дамыту;
3. Шымкент қаласындағы мектеп оқушыларының арасынан республикалық турнирге қатысатын құрамды жасақтау;
Қарастырылатын қарар:

1)БП зиянды тағамдарға салық салады.
2)БП ата-аналардың өз балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек деп есептейді.
3)БП адамдар бір-бірімен бәсекелесуге құлшынысы жоқ әлемді таңдайды.
4)БП unschooling-ты (үйде оқытуды) қолдайды.
5)1. Слактивистер – диван белсенділері – қандай да бір мәселені әлеуметтік желі арқылы талқылау («ұнайды» басу, статус қою, пост салу). Мысалы: бес баланың өліміне, Денис Теннің өліміне қатысты жаппай белсенділік.
БП Қазақстанда слактивизмнің кең таралуына қарсы.

1) ЭП облагает налогом вредные продукты.
2) ЭП считает, что родители должны иметь доступ к страницам своих детей в социальных сетях.
3) ЭП выбирает мир, в котором они не горят желанием конкурировать друг с другом.
4) ЭП поддерживает анскулинг.
5) 1. Слактивисты — диванные активисты — обсуждают любой вопрос в соцсетях (нажать «нравится», поставить статус, опубликовать). Например: массовые акции в связи со смертью пятерых детей, смерть Дениса Тена.
ЭП выступает против распространения слактивизма в Казахстане.

1) This chamber taxes harmful products.
2) This chamber believes that parents should have access to their children’s social media pages.
3) This chamber chooses a world in which they are not eager to compete with each other.
4)This chamber supports unschooling.
5) 1. Slacktivists — couch activists — discuss any issue in social networks (click «like», set status, publish). For example: mass actions in connection with the death of five children, the death of Denis Ten.

Дебат турнирінің ашылу салтанатында Әдістемелік орталықтан: Шымкент қаласы, әдістемелік орталық тәрбие бөлім басшысы: Сулейменова Гулмайра Әлімханқызы, «Оңтүстік» телеарнаның жүргізушісі, белсенді жас: Рахат Арғынбай құттықтау сөз алып, білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында дебаттық турнирді ашық деп жариялап, қатысушы фракция мүшелерін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Соңында ұйымдастырушылар атсалысқаны үшін Орталық Азия Инновациялық университетінің ректоры т.ғ.к.,профессор А.С.Ажидиновке Алғыс хат және «Риторика» пікірсайыс клубының координаторы Т.Равшанбековке «Альфа академияға» оқуға 10 000 теңгелік сертификат табысталды.

Share this Post

1 Comment

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>