1 курсқа түскен білім алушылары үшін ұйымдастырылған АРНАУ

Орталық Азия Инновациялық университетінің  1 курсқа түскен білім алушылары үшін ұйымдастырылған АРНАУ  жоғары деңгейде өтті.

Қараша айының 17 жұлдызында Халықаралық студенттер күніне орай,  ОАИУ- нің студенттері үшін АРНАУ (ПОСВЕШЕНИЕ) ұйымдастырылды. Бағдарламаға сәйкес  мәдени іс-шараныны ашып берген  университет ректоры  т.ғ.к.,профессор А.С. Ажидинов студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтап,  жылы лебізін білдірді. Сонымен бірге, Тәрбие ісі жөніндегі проректор Н.Ш. Хайдаров , Жаратылыстану техникалық  және Педагогика және бизнес факультеттерінің декандары  студенттік қатарға қадам басқан білім алушыларға сәттілік тілеп мерекелерімен құттықтады. Белсенділік танытып,қаоғамдық шараларға қатысып жүрген студенттерге арнайы Әл – фараби ауданының әкімі мен Жастар ресурстық орталығы директорының Алғыс хаттарын табыстады.

Жалпы кеште  ән,би, түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Кештің басты қонағы эстрада жұлдызы, әнші  ҚАНАЙ.

Share this Post