«Үздік бітірушілерге үздік жұмыс берушілер» атты бос орындар жәрмеңкесі

Бүгін, Орталық Азия Инновациялық университетінде «Үздік бітірушілерге үздік жұмыс берушілер» атты бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке жастардың кәсіби, шығармашылық, әлеуметтік өзін өзі жүзеге асыруы үшін университет түлектері мен әлеуетті жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнату мақсатында өткізілді.
Жәрмеңкеге қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері және бірнеше мекемелерден 40 тан аса жұмыс берушілер қатысты. Жұмыс берушілер түлектерді өз кәсіпорнының ерекшеліктерімен, бар бос жұмыс орындары және әлеуетті жұмыс іздеушілерге қойылатын талаптармен таныстырды. Студенттер жұмыс берушілерге өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, түйіндемелерін ұсынды. 

Share this Post