«ҚҰҚЫҚТАНУ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЧЕМПИОН СТУДЕНТТЕРІ РЕКТОРДЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛД

Осыдан бірнеше күн бұрын Орталық Азия Инновациялық университетінің үш бірдей студенті — Әмбебап жекпе-жектен ерлер мер әйелдер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысып жүлделі орындарға ие болған еді…
Атап айтсақ, ОАИУ-НІҢ Экономика және бизнес факультетінің «ҚҰҚЫҚТАНУ» білім беру бағдарламасының 1 -курс студенті 55 кг салмақ дәрежесінде Шерхан Шынқожа ІІ — орын, 60кг салмақ дәрежесінде ІІІ- орын Сапар Ерасыл сонымен бірге, 57 кг салмақ дәрежесінде Бауыржанқызы Сымбат жүлделі І — орынды иеленіп алда болатын Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Жеңіспен оралған студенттерімізді бүгін университет ректоры Акмалдин Сапардинұлы қабылдап, өз құттықтауын жеткізді. Қабылдауда болған студенттер университет басшысымен өз ойларымен бөлісті. Сонымен бірге ректор қабылдауында жеңімпаз студенттердің тәлімгері мен деканы және кафедра меңгерушісі де болды. Университетіміздің атағын көкке көтеріп, даңқын асырып жүрген студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>