Құрметті Мұрат Жұрынұлы!

Орталық Азия инновациялық университеті  ұжымы атынан  Сізді 80-жасқа толған тұғыры биік мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Біз Сізді  егеменді еліміздің білім жүйесін арттыруға, дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіби маман  білікті ұйымдастырушы, ретінде құрмет тұтамыз.

Өз идеясын жүзеге асыруға келгенде батыл, шебер шешім қабылдайтын кемеңгер басшылығыңыздың арқасында бой көтерген Халықаралық Қазақ-Түрік университеті бүгінгі күнде бүкіл Түркі әлеміне мәлім ерекше статусқа ие оқу Ордасы болып отыр. Үлкен шығармашылық әлеуетіңіз, ой-санаңыз, берік беделіңіз және ұйымдастырушылық қабілетіңіз бірқатар биіктерді бағындыра отырып, халықаралық университеттің тұңғыш ректоры, ғылыми зерттеу институтының директоры, Білім министрі лауазымдарынан бөлек, 700-ден астам ғылыми еңбек, 20-ға жуық монографиялық зерттеу мен 100-ден астам куәлік және патенттердің иесі атану жолында еткен еңбектеріңізді білеміз. Бұдан бөлек ғылыми-педагог кадрлар даярлаудағы еңбегіңіз өз алдына бір әңгіме. Қырыққа жуық докторлық және кандидаттық диссертацияларға жетекшілік еткеніңізді де ғылымға жаны құштар жастар айтып отырады.

Тәуелсіз Қазақстанның білім және ғылым жүйесін жаңғыртуда қолға алынар қомақты істер қажеттігі туындаған тұста, әлемдік білім трендтерді табысты меңгере отырып білім және ғылым жүйесін жаңғыртуға жанынңызды салып кірістіңіз.Сіздің: «Ұлттың жойылуы ғылымның күйреуінен басталады», «Білім мен ғылым деген бір – біріне ұштасып жатқан дүние», «Ғылым абыройын шынайы ғалымдар ғана көтереді», «Ғылым барлық уақытта шындықты іздейді», «Ғылым дамуы үшін алдымен тазалану керек», «Ғылымсыз ешқандай мемлекет өспейді», «Ғылымсыз қоғамда болашақ болмайды» деген сияқты қанатты сөздерге айналып кеткен, әр кездері еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбаттарындағы сүбелі сөздеріңізге қарап-ақ, ғалымның кемел білімінен, ғалымдық ғибратынан нәр алғандай боламыз.

Құрметті Мұрат Жұрынұлы!

Сізді 80  жылдық мерей тойыңызбен құттықтай отырып Білім саласындағы еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға аманшылық, береке, бақыт тілеймін.

Ізгі ниетпен:

Орталық Азия Инновациялық университетінің

Ректоры, т.ғ.к., профессор А.С.Ажидинов

Share this Post