УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСТЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қолдап,насихаттап, талқылау мақсатында бүгін ОАИУ-нің басшылығы мен профессор — оқытушылар құрамымен кездесу ұйымдастырылды. Алғы сөзді алған университет ректоры Акмалдин Сапардинұлы Жаңа Қазақстанның болашағының жарқын болатынына сенім білдіре отырып, толық баяндаманы оқу үшін мінбеге «Қазақстан тарихы және құқықтану» кафедрасының оқытушысы,тарих ғылымдарының кандидаты Нартбаев Шымырбай Жақсыбайұлын шақырды. Н.Нартбаев Жолдаудың маңызды ережелеріне қысқаша тоқталды, мысалы: супер-президенттік республикадан күшті парламенті бар президенттік республикаға көшу. Әкімдерге заңдар қабылдауға және олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу туралы, Мәжілістің депутаттық корпусын қалыптастыру туралы мәселелер.Жолдауға қолдау білдіріп, жеке пікірлерімен бөлісті. Әсіресе «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жайында да өз ойларын ортаға салды.
Мемлекет басшысының Жолдауын талқылап, онда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жасалған жиынға жиналғандар маңызды құжат төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті. Президент кеңесшісі Айғаным Тұрдықызы осы Жолдауға қатысты ойын білдіре отырып, білім сапасының көтерілуі,білікті мамандарды дайындау барысында одан да жоғары көрсеткіш көрсетуіміздің керектігін айтты. Жаңа Қазақстанды дамыту жолында профессор – оқытушылардың еңбегі зор болмақ.

Share this Post