Қалалық семинар – тренинг болып өтті

              Ағымдағы жылдың 10 – желтоқсаны күні Шымкент қаласындғы №78 жалпы орта мектепте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен ұлт көшбасшысы – Бірінші президент Н.Назарбаевтың « Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында тілдік пәндерді оқытудың ерекшеліктері: оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдері, критериалды бағалау принциптері» атты тақырыпта қалалық семинар – тренинг болып өтті.

           Аталған семинар — тренингке М.Әуезов атындағы ОҚУ профессор – оқытушылар құрамы мен білімалушылары,  «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Шымкент қаласы және Түркістан облысы филиалының профессор – оқытушылар құрамы және жалпыбілім беретін мекемелердің педагогтары, әлеументтанушылары және психологтары қатысты.

        Семинар – тренингте түрлі бағыттар бойынша  баяндамалар  жасалынды. Олар қатарында университетіміздің ҒЗО басшысы М.И.Ақылбаев та ғылыми – зерттеу жұмыстары бойынша баяндама жасады. Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары мен басшылары университетімізбен ғылыми ынтымақтастық жөнінде келісім — шарттар жасап, ғылыми- зерттеу жұмыстарын бірге жүргізуге ықыластық білдірді.

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>