«Қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспаптарын рухани жаңғырту» тақырыбында семинар болып өтті

Өткен жұмада ОАИУ-і Өнер кафедрасының оқытушысы,профессор, ҚР мәдениет қайраткері, Н.Назарбаевтың » Ерен еңбегі үшін» медалі иегері С. Жақсыбековтың елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспаптарын рухани жаңғырту» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинардың басты мақсаты – қазіргі сабақтарда кеңінен қолданып жүрген домбыра, баян, фортепиано аспаптарына қазақтың көне ұлттық аспаптары саз сырнай,сыбызғы, ұрмалы — соқпалы аспаптар, шертер, жетіген, мүйіз сырнай, қыл қобыз, шаң қобызды қосу, оқу бағдарламасына бекіту.
Шара барысында профессор әр аспаптың шығу тарихын, дыбысының ерекшелігі мен өзгеру тәсілін кеңінен насихаттай келе тәжірибе жүзінде ойнап көрсетті. Семинар соңында ұрмалы аспапты эстрада жанрында кеңенен қолданылып келе жатқанын айта келе университет жанынан құралған ұлт аспаптар оркестрі бірнеше шығармалар орындады. Шараны қорытындылаған университет ректоры А.С.Ажидинов өте маңызды тың деректермен бөліскенін айта келе, алдағы уақытта оқытушы магистрлерден осындай семинарларды күтетінін тілге тиек етті.

Share this Post

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>